Тамара Дүйсенова Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті

Тамара Дүйсенова Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында медицина саласының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Султанғазиев және Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов аймақтағы жағдай туралы баяндады. Қызмет көрсету сапасын арттыру, дәрігерлердің кәсіби деңгейін көтеру, саланы цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту сияқты денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды. Президенттің тапсырмасы бойынша қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының атқарылу барысы қаралды. 

Бағдарлама аясында жоспарланған 27 нысан құрылысының 16-сы (15 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт) былтыр аяқталған. Биыл қалған 11-ін аяқтау көзделіп отыр. Шалғай ауылдардағы тұрғындардың қызметке қол жеткізуін қамтамсыз ету үшін телемедицина мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттілігі де қозғалды.

Кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сұрақтар да көтерілді. Вице-премьер бұл ретте сақтандырылған азаматтар барлық қажетті медициналық көмекке қол жеткізуі керектігін баса айтты. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік...