Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді

Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді

Бұл мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің (ЖРБК) мәліметінше, 2022–2024 жылдары мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді. Оның ішінде, елді мекен маңындағы 2 млн гектар жайылым жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында конкурс арқылы таратылды.

Соңғы үш жылда жергілікті инспекциялардың араласуынан кейін бұрын пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады.

2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтарылуы жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы айналымындағы жердің қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді әрі ашық бөлу тетіктерін әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Негізгі қадамдардың бірі – мәліметтерді цифрландыру және жер телімдерін бөлу бойынша электронды конкурстарға көшу.

«Бүгінге дейін шөл және шөлейт алқаптарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы айналымындағы барлығы 205,5 млн гектар жер цифрландырылды. 2025 жылдың соңына дейін карталар деректерін тиісті координаттық жүйеге жүктеу жоспарланып отыр», — деп жалғастырды Мұрат Теміржанов.

Сонымен қатар жиында белсенді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жер пайдалану құқығын ұзарту және маусымдық шаруашылықтардың қызметін реттеу мәселелері қаралды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...

Нью-Дели, 2025 жылғы 5 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер...