Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады

Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу...

Жуырда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін...