Қосшыда «AI Тергеуші көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды

Қосшыда «AI Тергеуші көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды
ҚР Ішкі істер министрлігі «AI Тергеуші көмекшісі» атты пилоттық жобаны іске қосты. Алғаш болып бұл жаңашылдықты сынақтан өткізген бөлім – Қосшы қаласының полиция бөлімі болды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жобаның таныстырылымына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Сабит Нұрлыбай және ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев қатысты.

«AI Тергеуші көмекшісі» жобасы ведомстволық дерекқорды жаңғыртып, қылмыстық істерді тергеу барысында цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Жаңа ақпараттық жүйе – жасанды интеллектіні ішкі істер органдарының күнделікті қызметіне енгізудің нәтижесі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл жоба азаматтарды түрлі қылмыс түрлерінен қорғап қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелер мен сын-тегеуріндерге де дер кезінде жауап беруге қауқарлы.

«Қосшы – заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан қала, бүгінде мұнда 120 мыңға жуық халық тұрады. Пилоттық жоба тергеушінің көмекшісі болумен қатар, қоғамның сұранысы мен үмітіне сай қызмет етуі тиіс. Ең алдымен, ол – процестік шешімдерді жедел қабылдау, азаматтарымызды түрлі құқықбұзушылықтан қорғау және қылмыстарды тез ашу. Біздің тұрғындар жиі хабарласып, әсіресе интернет-алаяқтық бойынша істердің созылып кетуінен қауіптенетінін айтады. Бұл жобаның қала аумағында табысты жүзеге асатынына және нақты нәтиже беретініне сенімдімін», — деді өңір басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Премьер-министр экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді, деп...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық...

Фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» мультиспорттық турнирінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз...