Электер энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

Электер энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Тұран шағынауданындағы жарықтандыру жүйелерінің және №7 электр энергиясын тарату бекетінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұран шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Әсем Құрылыс» ЖШС тарапынан екі кезеңнен тұратын жобалау сметалық құжаттамасы әзірленді. 1-кезең – 10 кВ магистралдық желілер болса, 2-кезең – 0,4 кВ ішкі электр желілері құрылысы.

Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілері және электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен қаржы қаралған. Құрылысты биыл аяқтау жоспарда.

Ал екінші кезең бойынша 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады. Жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов көмірсутектер саласындағы геология саласын дамыту...