Есірткісіз болашақ: Таразда "Жас сақшы" жасағының қатысушыларына профилактикалық іс-шара өткізілді

Есірткісіз болашақ: Таразда "Жас сақшы" жасағының қатысушыларына профилактикалық іс-шара өткізілді

Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 гимназияда "Жас сақшы" жасағының қатысушыларына арналған есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ өкілдері қатысты. Кездесу "Заң мен тәртіп" және "Адал азамат" қағидаттарын іске асыру аясында өткізілді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға есірткі заттарын тұтыну мен таратудың зияны туралы түсіндіріп, мұндай құқық бұзушылықтардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілігін жеткізді. Сонымен қатар жасөспірімдердің теріс ықпалға қарсы тұра білуіне, күмәнді ұсыныстарды сыни тұрғыдан бағалап, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын таңдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Есірткіге қарсы бастаманы қолдау мақсатында "Жас сақшы" жасағының қатысушыларына "Есірткісіз болашақ" жазуы бар футболкалар мен бейсболкалар табысталды.

Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – Кинологиялық қызмет қызметкерлерінің көрсетілімдік өнер көрсетуі болды. Қызметтік иттер есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, жоғалған адамдарды іздеу, сондай-ақ шартты құқық бұзушыларды ұстау дағдыларын көрсетті. Практикалық көрсетілім оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, кинолог мамандардың қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, заңға бағыну, жеке жауапкершілік және дұрыс таңдау жасаудың маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндіруге ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ