Президент Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар Мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Инвестициялық штаб отырысында Негізгі кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған...