Қыс басталғалы республикалық автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілді

Қыс басталғалы республикалық автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілді
Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, оның 21,5 мың шақырымы күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қарасты «КАЖСервис» мекемесі республикалық автожолдарды жыл бойы үздіксіз күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда оның паркінде 2 642 арнайы техника бар. Бұл нормативтік қажеттіліктің 36%-ын құрайды. Биыл қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін 63 мың тонна техникалық тұз, 104 мың текше метр құм, 172 мың текше метр қиыршық тас қалдығы, 1,2 мың тонна химиялық реагент дайындалды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл көктайғаққа қарсы материалдың көлемі 3 есеге ұлғайтылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ