Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 47 жаңа санитарлық-гигиеналық торап салынды

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 47 жаңа санитарлық-гигиеналық торап салынды
Қазақстанның республикалық автожолдар желісінде 1 500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар. Биыл 1 300 жол бойындағы нысанның 90% Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтірілді. Алдағы 2-3 жылда оны 100%-ға жеткізу жоспарланған. Осы жылы жеке инвесторлардың есебінен 38 жаңа жол бойындағы нысан салынды, оның ішінде, 22 жанармай стансасы, 14 кафе және 2 қызмет көрсететін кешен бар. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ