Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаның нәтижелері: ашықтық, сапа, және тиімділік

Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаның нәтижелері: ашықтық, сапа, және тиімділік

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары тиімділігін және реформаның негізгі қағидалары: әділдік, сапа, ашықтық және тиімділікке сәйкестігін дәлелдеді. Жаңа механизм барлық балалар мен олардың отбасылары үшін мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі – балабақша орындарына «кезекке тұру» мәселесін шешу болды: ваучерлерді алу кезегі тек қана алға жылжиды. Жүйе барлық қатысушыларға тең жағдайды қамтамасыз етті, бұл ата-аналардан түскен 30,8 мың жаңа өтініммен расталды. Тараз бен Түркістанда 2 жастан асқан балаларға арналған кезек толығымен қанағаттандырылды, ал Шымкент пен Оралда оны азайту бойынша оң динамика байқалды. Таразда жүйенің сәтті іске асырылуы нәтижесінде, ваучерлерді балаларға 1,5 жастан бастап беру жағы қарастырылып, балабақша білімін ерте алуға жаңа жол ашылды. Ваучерлік қаржыландыруды енгізудің нәтижелері: Таңдау еркіндігі, ашықтық және қызметтер сапасының артуы

Ваучерлік қаржыландырудың жаңа жүйесі ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымды таңдау еркіндігін және ваучерді жоғалтпай мекемелер арасында ауысу мүмкіндігін берді. Бұл білім беру мекемелерін қызмет сапасын арттыруға және ата-аналардың назарын өздеріне аударуға ынталандырды. Нәтижесінде «халықтық рейтинг» деп аталатын объективті жүйе қалыптаса бастады, ол отбасылардың таңдауына негізделген.

Барлық бизнес-процестер автоматтандырылды, бұл қағазбастылықты жоюға мүмкіндік берді. Әзірленген цифрлық модуль әрбір баланың «цифрлық портретін», соның ішінде ваучердің мөлшері мен құралдардың қозғалыс траекториясы туралы ақпаратты жүргізуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар пилоттық жобаның аясында тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл процестердегі ауытқуларды уақытылы анықтауға және оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беріп, жүйеге деген сенімділікті одан әрі нығайтты.

Пилоттық жобаның қалалар бойынша нәтижелері

Таразда жобаны жүзеге асыру барысында басқа өңірлерден келген тәрбиеленушілерді тіркеу, салық түсімдерінің болмауы және мәліметтерді бұрмалау сияқты бұзушылықтар анықталды. Осы тексерулердің нәтижесінде екі айда 600 млн теңге тікелей үнемдеуге қол жеткізіліп, кезектің қысқаруынан жалпы үнем 5,4 млрд теңгені құрады.

Шымкентте де ұқсас мәселелер анықталды, оның ішінде мәліметтердегі сәйкессіздіктер болды. Бір балабақшаға қаржыландыру тоқтатылды. Балалардың нақты қатысуын есепке алу арқылы үнемдеу 1,5 млрд теңгені құрады.

Түркістанда басқа өңірлерде тұратын тәрбиеленушілердің тіркелуі анықталды. Бұл бір ай ішінде 50 млн теңге үнемдеуге әкеліп, кезектің қысқаруы нәтижесінде жалпы үнем 168 млн теңгені құрады.

Оралда тәрбиеленушілердің бір бөлігі басқа өңірлердегі медициналық ұйымдарға тіркелгені белгілі болды. Бұл сәйкессіздіктерді жою және кезекті қысқарту арқылы 147 млн теңге үнемдеуге қол жеткізілді.

Пилоттық жоба тек кезекті қысқартумен ғана емес, негізсіз шығындарды болдырмаумен де тиімділігін дәлелдеді, бұл ваучерлік қаржыландыру жүйесін әрі қарай енгізуге берік негіз қалады.

26 желтоқсаннан бастап елордадағы балабақшалар жаңа жүйеге көше бастады. Осы мақсатта түсіндіру іс-шаралары мен жаңа жүйеге көшуге дайындық жүргізілді. 2025 жылы ваучерлік қаржыландыру жобасы еліміздің басқа қалаларында енгізу жоспарлануда. Жобаны іске асырудың табысты тәжірибесін кеңейту үшін Шымкент пен Тараз қалаларында көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарланған, олар тиімді жұмыстың үлгісіне айналды және пилоттық бағдарлама шеңберінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Подробно обсуждены вопросы, касающиеся крушения пассажирского самолёта авиакомпании «Азербайджанские авиалинии» 25 декабря вблизи города Актау в...

Заместитель премьер-министра и глава правительственной комиссии Канат Бозумбаев в беседе с корреспондентом Tengrinews.kz прокомментировал информацию о том, что на Казахстан в...

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да...

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...