Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.

Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Подробно обсуждены вопросы, касающиеся крушения пассажирского самолёта авиакомпании «Азербайджанские авиалинии» 25 декабря вблизи города Актау в...

Заместитель премьер-министра и глава правительственной комиссии Канат Бозумбаев в беседе с корреспондентом Tengrinews.kz прокомментировал информацию о том, что на Казахстан в...

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да...

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...