Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды

Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды

Jibek Joly туристік пойызы екінші сапарына шықты. Бұл жолы теміржол саяхатының аясы кеңейіп, Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша сапарын бастады. Тур 2-7 қаңтар аралығында 5 күнге жалғасады. Екінші сапарға 100-ден астам жолаушы аттанды.

Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген. Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді.

Айта кетейік, бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристер пойызда түнейді. Пойыз сол уақытта белгіленген бағыт бойынша қозғалысын жалғастырады.

Халықаралық турды «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...