Қазақстан СІМ-де Халықаралық Аралды құтқару қорымен ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан СІМ-де Халықаралық Аралды құтқару қорымен ынтымақтастық талқыланды

Астана, 2025 жылғы 6 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан төрағалығының бірінші жылының қорытындыларын, Атқарушы комитетінің жұмысын, сондай-ақ Ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Арал теңізі бассейні елдерінің өңірлік дамуының су шаруашылығы, су-энергетикалық және экологиялық аспектілерін реттеудегі Қордың маңызды рөлі аталып өтті.

Тараптар 2023 жылғы қыркүйекте Душанбеде өткен ХАҚҚ Саммитінің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары қойған міндеттер мен тапсырмаларды шешу, Ұйымды жетілдіру процессін тез арада аяқтауға жәрдемдесу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды жалғастыруға, сондай-ақ белсенді өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Атқарушы комитетінің төрағасы өз кезегінде Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын ілгерілету, өңірлік экологиялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ХАҚҚ-тың халықаралық байланыстарын кеңейту барысы туралы хабардар етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың...

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың...

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды....