Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» мультиспорттық турнирінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз...