Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталады

Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталады

Шымкент қаласында Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 26-шы шілде күні басталады. Бұл туралы бүгін қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, төлем қабілеттілігін растаған 500 азаматқа мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылады.

– Заңда көрсетілген талап бойынша, өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, биылғы қаржы жылына заңнамада белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (106 336 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2021 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 34 302 теңгені құрайды, – деді А. Рысжанов.

Аталған азаматтарға көрсетілетін қызметте ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өтінім қабылдау үшін http://www.xn--ezekte-2pf.kz/ интернет ресурсы іске қосылады. Бұл үшін әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Тұрғын үй сертификатын алуға Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.

Айта кету керек, тұрғын үй сертификатын әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде беру көзделіп отыр. Шымкентте мұндай сертификаттар екі жылдан бері беріліп келеді. Атап айтсақ 2019 жылы 21 азаматқа жалпы сомасы 20,4 млн теңге, 2020 жылы 101 адамға жалпы сомасы 100 млн теңге көлемінде берілген. Ал биылғы ұсынылатын тұрғын үй сертификатының көрсеткіші соңғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...