Қазақстанда электрондық сауда нарығының инфрақұрылымы белсенді дамып келеді

Қазақстанда электрондық сауда нарығының инфрақұрылымы белсенді дамып келеді

Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова республикада электрондық сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін заманауи қойма кешендерінің желісі дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ол электрондық коммерцияның қарқынды дамуы Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Бұл тек өсім көрсеткіші емес – бұл өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуы мен Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымының нығаюы. Қазпоштаның негізі рөлі – электрондық коммерция нарығы үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Болжам бойынша, 2029 жылға қарай бір адамға шаққандағы сәлемдемелер саны дамыған елдер деңгейіне – жылына 27 сәлемдемеге дейін көбейеді. Бұл ішкі нарықтың да, трансшекаралық сауданың да өсуіне алып келеді, Қытай және халықаралық маркетплейстердің үлесі 19%-ға жетеді. Қазпошта бүгіннің өзінде ішкі және халықаралық маркетплейстермен ынтымақтаса отырып, бүкіл еліміз бойынша электрондық коммерцияны қолжетімді болу үшін қызмет етуде.

«Компания логистикалық сервистердің кешенді экожүйесін әзірлеуде. 10 мыңнан астам шағын және орта бизнес иелері мен негізгі маркетплейстер қызметтердің толық циклын: фулфилменттен, экспресс жеткізу мен қаржы сервистеріне дейін бізге сеніп тапсырады. Серіктестеріміз бұл жұмысты бізге қалдырып, өздерінің бизнес процесстерін дамытуға көңіл бөле алады», — деп атап өтті Әсел Жанасова.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарға жаһандық электрондық коммерция тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық сервистер жасалады деп толықтырды. Атап айтқанда, «QAZPOST KERUEN» АҚШ, Қытай, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші маркетплейстеріне тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «QAZPOST KEDEN» кедендік ресімдеуді жеңілдетеді, ал пошта сервистері бүкіл еліміз бойынша ыңғайлы жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар электрондық сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін, заманауи қойма кешендерінің желісі дамуда. Халықаралық серіктестермен бірлесіп Алматы, Ақтөбе, Алматы және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 85 мың шаршы метрден асатын мультимодальды қоймалар салу жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі шамамен $100 млн-ды құрайды. Бұл қоймалар ішкі және трансшекаралық нарық үшін өте қолайлы болмақ. 

Сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін, «Homepost» тапсырыстарды беру пункттерінің желісі дамуда. Бұл тапсырыстарды үйдің жанында, ыңғайлы уақытта, курьерді күтпей-ақ алуға мүмкіндік береді. 

«Бұған қоса шағын бизнес өкілдерін электрондық коммерцияға тартамыз – кәсіпкерлер «Homepost» брендінің аясында өз сауда орындарында тапсырыс беру пункттерін ашады. Қолданыстағы 180 нүктеден, желіні 2025 жылдың ортасына қарай мыңға дейін кеңейтеміз, бұл клиенттер үшін жергілікті және халықаралық сәлемдемелерді алуды барынша ыңғайлы, әрі жеңіл етеді. Біздің мақсатымыз электрондық коммерция нарығы үшін бірыңғай интеграцияланған оператор болу. Бизнес үшін барлық қажетті экожүйені қалыптастырамыз. Жеткізу, фулфилмент, қаржыландыру және кедендік ресімдеу – барлығы бір қосымшаның ішінде. Клиенттер үшін де тапсырыстарды алу мен төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл кешенді шешімдер Қазақстанда электрондық коммерцияның дамуын жеделдетеді», — деп қорытындылады Әсел Жанасова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Инвестициялық штаб отырысында Негізгі кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған...