Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды

Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды

Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес, құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады.

Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы.

Жағдай ерекше бақылауға алынған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...