Қазақстандық делегация халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстандық делегация халықаралық конференцияға қатысты

2025 жылғы 2–7 маусым аралығында Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметтері басшыларының Консультативтік кеңесінің XXI отырысы және «Шынайы виртуал: цифрлық дәуірдегі құжаттық мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты.

Консультативтік кеңестің отырысында ТМД мемлекеттеріндегі архив ісінің жай-күйі мен дамуы, 2021–2023 жылдары атқарылған жұмыстарға аналитикалық шолу жасалып, кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимыл және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес шеңберінде 2026 жылғы келесі отырыстың өткізу орны мен мерзімі келісілді.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының VI отырысы өткізілді. Тараптар аталған саладағы бірлескен жобаларды талқылап, өзара тәжірибе алмасудың тиімді тетіктерін нақтылады.

Халықаралық конференция аясында архив саласының цифрлық даму үрдістері мен жаңа технологияларды қолдану жолдары бойынша баяндамалар тыңдалып, тәжірибе алмасу жұмыстары ұйымдастырылды.

Конференция барысында Қазақстан мен Ресейдің архивтері бірлесіп дайындаған «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы құжаттық куәліктер» атты фотоальбом таныстырылды.

Сондай-ақ қазақстандық делегация жаңа архив нысандар және музей экспозицияларыиен танысып, Ресей архив мекемелеріндегі цифрландыру бойынша тәжірибе алмасты.

Жиын аясында Белорусь және Өзбекстан Республикаларының архив басшыларымен халықаралық деңгейде архив саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, кәсіби ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімдер жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орталық...

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...