Түркістан: Ел бірлігін нығайту бағытында семинар-кеңес өтті

Түркістан: Ел бірлігін нығайту бағытында семинар-кеңес өтті

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен елдің ынтымағын нығайту,  отаншылдықты дәріптеу, этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасарлары, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің филиал басшылары мен қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында медиация саласындағы жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу жайы талқыланды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Одан кейін облыс аумағындағы медиация саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенованың баяндамасы тыңдалды.

Семинар-кеңесте атап өтілгендей, ҚХА-ның 30 жылдығына орай өңірде қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің жылдық жоспарларында белгіленген 400-ден астам іс-шара өткізу көзделген.

Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды атқару керектігі баса айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықты игі істерге жұмылдыру қажет екенін жеткізді.  Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс екеніне тоқталды.

Жиын қорытындысына сай өзекті мәселелер бойынша жауапты сала жетекшілеріне жұмысты күшейту тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...

Нью-Дели, 2025 жылғы 5 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер...