Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша кеңес өткізді

Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.

Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» мультиспорттық турнирінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз...