Туризмді цифрландыру және туристік ағындарды есепке алуды жетілдіру бойынша кеңес

Туризмді цифрландыру және туристік ағындарды есепке алуды жетілдіру бойынша кеңес

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаевтың төрағалығымен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы алаңында туристерді есепке алу және туризм саласын цифрландыру әдістемелерін жетілдіру бойынша жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитеті комитетінің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, ҚР Ұлттық банкінің, «Атамекен» ҰКП және Kazakh Tourism ҰК АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік ұйым өкілдері абоненттер туралы деректерді ұялы байланыс операторларынан алу мүмкіндігін ұсынды. Яғни, аталған деректер негізінде туристердің белгілі бір қызметтерді алу кезінде өзара іс-қимылын неғұрлым егжей-тегжейлі қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ отырыста Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің төлем карталары бойынша деректерді ұсынудағы рөлі, шетелдіктерге қатысты көші-қонды бақылау мәселелері, eQonaq жүйесінің туристік ағынды жинау және есепке алу мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесудің соңында шетелдік қонақтар туралы деректерді жинау жүйесін жақсарту мен оңтайландыру, туристік ағынды талдау құралдары, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Bett Show 2025 көрмесіне қатысу аясында жоғары білім беруді дамытуға және ғылыми зерттеулерге...