Шымкентте жаңа оқушылар сарайы ашылды

Шымкентте жаңа оқушылар сарайы ашылды

Бүгін Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 аусымда 500 орынға лайықталған, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға  жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кету керек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған.

Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ