️Тоқаев инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталды

️Тоқаев инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталды

Жылу стансаларындағы апаттар елімізге абырой әпермейді, беделіне нұқсан келтіреді және бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапсыздығы мен біліксіздігін көрсетеді.

ТМД елдерінің бәрінде дерлік электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат. Бұл экономика балансының бұзылып, шатқаяқтауына әкеп соғады. Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз?!

Көршілес елдерге контрабандалық жолмен жанар-жағармай тасылатынын жұрттың бәрі көріп отыр. Өз кезегінде бұл қылмыстың етек алуына негіз болады.

Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте өзекті.

Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс.

Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 млн. шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда мүгедектігі бар 732 мыңнан астам адам тұрады, бұл - ел тұрғындарының жалпы санының 3,6%-ы. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат...