2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың негізгі нәтижелері туралы баяндады.

Атап айтқанда, экономика 4,8%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға дейін артты.  

Аграрлық сектор мен өңдеуші салады соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлы дақыл жиналды. 4 млн тонна астық экспортқа жөнелтілді.   

Өңірлерге шаққанда өткен жыл қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары және Астана мен Шымкент қалаларында тіркелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылы адамдар көп жиналатын объектілер иелеріне жауапкершіліктің жүктелген сақтандыруын енгізу жоспарда бар. Сонымен қатар апатты тәуекелдерден...

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан...

Экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын...