Шымкентте оңалту орталығының мамандары инновациялық әдістерді енгізу бойынша тәжірибе жинақтады

Шымкентте оңалту орталығының мамандары инновациялық әдістерді енгізу бойынша тәжірибе жинақтады

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№2 оңалту орталығы» базасында реабилитолог-дәрігерлер, невропатологтар, ортопедтер, кардиологтар және терапевтер үшін халықаралық оқыту-практикалық курсы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Оқыту бағдарламасы Астана қаласындағы халықаралық "Сиань" клиникасының медицина ғылымдарының докторлары: Цзо Цзя, Хэ Вэй, Цзя Чжунлин және Сара Жамалиеваның жетекшілігімен жүргізілді.
Қытай дәрігерлері оңалту орталығының жұмысымен танысып, церебральды сал ауруы бар бірнеше пациентті қабылдап, кеңес берді.
Сонымен қатар дәстүрлі қытай медицинасының негіздері, диагностика мен емдеудің негізгі қағидаттары, церебральды сал ауруын емдеудегі терапия мен оңалтудың заманауи тәсілдері, инсульттан кейінгі оңалтуы: денсаулықты қалпына келтірудің тиімді әдістері бойынша дәрістер өткізілді.
Бұл оқытудың мақсаты – Шымкент қаласының дәрігерлерін жыл бойы оқыту, білім мен тәжірибе алмасу және неврологиялық науқастарды кешенді емдеуде инновациялық әдістерді енгізу болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда мүгедектігі бар 732 мыңнан астам адам тұрады, бұл - ел тұрғындарының жалпы санының 3,6%-ы. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат...