Қазақстан робототехника және жасанды интеллект аясында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан робототехника және жасанды интеллект аясында ынтымақтастықты нығайтуда

1 ақпанда Digital Almaty алаңында Қазақстанда робототехника мен жасанды интеллект (ЖИ) аясында зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын  өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатқа технологиялар саласындағы жетекші өкілдер қол қойды. Атап айтқанда, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, робототехника саласындағы халықаралық көшбасшы Shanghai Zhiyuan Innovation Technology Co. Ltd, Сәтбаев Университеті, ҚБТУ, ХАТУ, ALT Университеті.

Меморандумның негізгі мақсаты — Қазақстанда робототехника саласындағы ғылыми-зерттеу орталығын құру. Орталықта заманауи технологияларды енгізіп, жоғары білікті мамандар даярланады және инновациялық шешімдерді коммерцияландыру бағытында жұмыс істейтін болады.

Бұл қадам — Қазақстанның жасанды интеллект және роботтандыру саласындағы өңірлік хаб ретінде ықпалын арттырудағы маңызды қадам. Алдағы уақытта орталық жаңа стартаптардың дамуына, ғылыми зерттеулердің күшеюіне және инновациялық жобаларды қолдауға ықпал етіп, еліміздің жаһандық технологиялық процестерге сәтті интеграциялануына септігін тигізеді.

Қатысушылар меморандум жоғары технологиялар саласындағы ұлттық экожүйені дамытуға және ғылым мен білім саласындағы халықаралық серіктестіктерді нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Премьер-министр экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді, деп...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық...

Фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» мультиспорттық турнирінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз...