Сауда министрі Арман Шаққалиев қазақстандық кондитерлік фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды

Сауда министрі Арман Шаққалиев қазақстандық кондитерлік фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанай облысына жұмыс сапарында өңірдің бірнеше нысандарын аралап, жергілікті өнеркәсіптің даму барысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Министр KIA автомобиль зауытында болып, онда жылына 70 мың автомобиль шығаруға қауқарлы жаңа өндіріс құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ, шойыннан жүк техникасына арналған автокомпонет шығарытын "KamLitkz" зауытында болды. Министр мұндай кәсіпорындардың өңір өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін маңызды рөл ойнайтынын айтты.

Сондай-ақ, Қостанайдың символына айналып, отандық өндірістің мақтанышы болып саналатын "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасын да назардан тыс қалдырмады. 1974 жылдан бастап зауыт кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, тәулігіне 240 тоннадан астам өнім шығарады. Өз кезегінде Арман Шаққалиев ақпан айында өтетін Қазақстанның Тегерандағы сауда-экономикалық миссиясы аясында фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды.

"Сату географиясын кеңейту зауытқа қуаттылықты арттыруға көмектеседі және «Made in KZ" брендін халықаралық аренада ілгерілетуге қолдау көрсетеді", - деп атап өтті сауда министрі.

Сондай-ақ, министр танымал ірімшіктер мен сүзбелермен қоса, «Новый день» брендімен өнім шығаратын "Милх" ЖШС жаңа зауытына барды. Арман Шаққалиевтың айтуынша қазақстандық сүт өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Осы тұста министр отандық өндірісті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Одан бөлек Жол картасына сәйкес жаңартылған «Саяхат» базарына да ат басын тіреді. Модернизация сауда мен тұтынушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл Қостанайдағы 3 базар жаңартылады.

Қостанайға сапары барысында министр өңірдің бизнес өкілдерімен кездесіп,  сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау және салық реформасы туралы сұрақтарға жауап берді. Арман Шаққалиев сауда субъектілері үшін мемлекеттік көмектің шараларын, соның ішінде сауда объектілерін салу және жаңғырту үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы баяндады.  Осы мақсатта бюджеттен 5.27 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Қостанай облысында  «Даму» қорымен 22 жобаның пулы құрылып, оның 18-і мақұлданған. 6 жоба бойынша кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден 529 млн теңге несие алған, оның 57 млн теңгесі субсидияланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне...

Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы...

21 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар...