Тамара Дүйсенова Coventry University Group басқарма басшысымен кездесті

Тамара Дүйсенова Coventry University Group басқарма басшысымен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Coventry University Group ректоры және басқарма басшысы Джон Лейтеммен кездесті. Оның барысында еңбек нарығы сұранысына сай жоғары білікті кадрларды дайындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Вице-премьер орнатылған әріптестік қарым-қатынасқа оң баға бере отырып, елімізде жоғары білім саласын интернационализациялау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы 23 университетімен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.

Ұлыбританиядағы беделді университет филиалы биылғы оқу жылы Астанада ашылған еді. Қазір онда 100-ден аса студент білім алып жатыр. Оны тәмамдаған азаматтар елден шықпай-ақ британдық үлгідегі дипломға ие болады. Оқу орны кәсіпкерлік, дизайн, экономика және қаржы бағыттары бойынша бакалавриат бағдарламаларын ұсынып келеді.

Премьер-министрдің орынбасары университет әлеуетін пайдалана отырып, елге қажетті мамандар әзірлеуде бағыттарды кеңейтуге болатынына мән берді. Сондай-ақ ол бұл жұмыс барысында Жаңа кәсіптер атласын негізге алу қажеттігіне  назар аударды. Тамара Дүйсенова оқу орнының басшылығын машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, атом энергетикасы, білім беру, денсаулық сақтау, креативті индустрия салаларына керекті кадрларды дайындауға ат салысуға шақырды.

Кадр әзірлеу бағыттарын кеңейтуге Британ университеті әзір әрі мүдделі. Бұл туралы Coventry University Group ректоры және басқарма басшысы Джон Лейтем атап өтті. Сондықтан университет басшылығы салалық министрліктермен бірлесе жаңа бағыттар бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге дайын екендіктерін жеткізді. Жоғары оқу орнының филиалдары бірнеше мемлекетте ашылған. Ондағы оқу бағдарламалары негізінен жергілікті сұранысқа сай құрылатынын алға тартты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселесі қаралды. Жүргізіліп жатқан...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Ағымдағы жағдай...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Салық реформасы мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара —...