Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО...