Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Еуропа тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы байланыстарды нығайтудың өзекті мәселелері мен перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен, соның ішінде Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы қарым-қатынастардың даму қарқынына оң баға берді. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы байланыстарды тереңдету мен орнықты дамудың маңызын атап өтті.

Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыты бойынша диалог пен өзара ықпалдастықты ілгерілетуге алдағы уақытта да дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында...

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Ұлттық конкурс) жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық отбасы күніне орай 15...