«Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әділет органдары тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Оның ішінде, Шымкент қаласының 6438 тұрғыны қатысқан 267 осындай іс-шара өткізілді.
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған. Шымкент қаласында бұл кабинеттер аудан әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан, және кестеге сай адвокаттар халыққа тегін көмек көрсетеді.
Мекен-жайлары, келесідей:
Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты (Тәуке хан даңғылы, №3 «А»);
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты (Тыныбаев көшесі, №49);
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты (Толстой көшесі, №119);
Шымкент қаласының Қаратауауданы әкімінің аппараты (Бәйдібек би даңғылы, № 60);
Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты (Байтұлы баба көшесі 12А) мекенжайларында орналасқан.
Адвокаттардың Құқық кабинеттерінде тегін қызмет көрсету кестесі:
Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азамат білікті заң көмегін алды.
Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды. Шымкент қаласында 2024 жылы нотариустар 14 615 қызметті онлайн көрсетті.
Заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.
Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын «Робот-сот орындаушысына» береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома 550 млн. теңгені құрады.
«Робот-сот орындаушы» Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге дейін 880 млн. теңге құрайтын 45 516 атқарушылық іс қозғады. Оның 202 млн. 842 мың теңгені құрайтын 10 835-і аяқталды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома 50 млн. 710 мың теңгені құрайды.
2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:
• 2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;
• ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.
• Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова.