Білім нысандарының жөндеу жұмыстары - қала әкімінің бақылауында

Білім нысандарының жөндеу жұмыстары - қала әкімінің бақылауында

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһар аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.

Сапалы білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа оқу жылына толық дайындықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қала басшысы ерекше назар аударып, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдымен, С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатында болып, сала мамандарына нысандағы құрылыс үдерісін жүйелі жүргізіп, сапа стандарттарын қатаң сақтау керектігін, жоспарлағандай уақытылы аяқталуы қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, №9 Некрасов атындағы жалпы орта мектептің де құрылыс жұмыстарын аралады. Оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, жауапты мекемелерге нысанды жаңа оқу жылына дейін толық, заманауи жабдықтармен, талапқа сай дайындауды тапсырды.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 38 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 33 мектеп – екі ауысымда, 5 мектеп – бір ауысымда білім береді. Ал 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту,...

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу...