МӘМС жүйесімен қосымша миллионнан астам адам қамтылатын болады

МӘМС жүйесімен қосымша миллионнан астам адам қамтылатын болады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасының негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелері айтылды. Олар туралы ҚР ДСМ МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында баяндады.

Ол Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасын әзірлеу кезінде қаржыландыру моделін қайта қарауды талап ететін демографиялық және экономикалық факторлар ескерілгенін атап өтті. Олардың ішінде халықтың 7% - ға өсуі, медициналық көмекті тұтынушылар санының артуы (60 жастан асқан адамдар мен балалар), 5 созылмалы инфекциялық емес аурулар бойынша науқастар санының өсуі, стационардағы жағдайдың орташа құнының өсуі бар. Осылайша, медициналық көмекті пакеттер бойынша жасанды түрде бөлу проблемасын шешу үшін 2026 жылдан бастап ТМККК пакетінен МӘМС жүйесіне негізгі міндеттемелерді ауыстыра отырып пакеттерді кезең-кезеңмен біріктіру көзделген. Бірінші кезең ағымдағы жылы басталып кетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту,...

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу...