Қала жолдарының ұзындығы – 3 247 шақырым. Оның 37 пайызында асфальт төселмеген. Биыл 163 көшеде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 64 пайызға жетеді. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге әкім 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтып, осыны жою мақсатында биыл осы салада 14 нысанның құрылысы басталғанын мәлім етті. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.
Ал, 33 елдімекен табиғи газбен жартылай қамтылса, 8 елдімекенге газ тартылмаған. Газ тарату станцияларының қуаттылығы жеткіліксіз. Биыл газбен қамту бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Газдандыру мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі.