ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Қаратау ауданының Нұрсәт шағын ауданында салынып жатқан 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz
Бұл көпқабатты үйлердің барлығы мемлекеттік бағдарламамен, нақтысы арендалық тұрғынжаймен қамту аясында бой көтерген. Алғаш бұл жоба басталғанда 8 үй салынады деп жоспарланған болатын. Соның екі үйі бітіп, пайдалануға тапсырылған. Қалған 6 үй осы қыркүйек айында баспана кезегінде тұрғандарға беріледі. Күз басында 336 азамат өзінің арендалық баспанасына ие болады.
Ескерте кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында 300 жұмыс істейтін жас арендалық пәтерге қоныстанды. Ол отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Жалпы, биыл үшінші мегаполисте 976 азамат арендалық баспана алады деп жоспарланған.
Құрылыс басқармасы бұл жоспардың орындалатынын мәлім етті. Өйткені, ол «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енген.
Арендалық үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан «Атамекен» корпорациясы мен «Югстройсервис-Н» ЖШС өкілдері нысанның уақытылы тапсырылатынына сенімді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов құрылыстың сапасына қатты мән беру керек екенін айтты.