ІІМ басшысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын таныстырды

ІІМ басшысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын таныстырды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып Абай Серікұлы Қайырбеков тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында көп жылғы тәжірибеге ие, түрлі оперативті және жетекші лауазымдарды, 2023 жылдан бері ҚАЖ комитетінің орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жаңа басшысын ІІМ ҚАЖ комитетінің жеке құрамына жедел кеңес барысында таныстырды.

Министр ІІМ қызметінің басты принциптері заң мен тәртіп екенін атап өтті.

Министр сонымен қатар, түрмедегі заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту, олардың әлеуметтік бейімделуін арттыру, пробация қызметі бойынша есепке алынған тұлғаларға бақылауды күшейту және цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар Министр жазаны орындау жүйесін дамыту бойынша басым міндеттерді белгілеп, жаңа басшыға ведомстваның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының өту барысын бағалау және өңірдің энергетикалық кешенін...