«Таза Қазақстан»: Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындармен бірге ағаш екті

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындармен бірге ағаш екті

Түркістан облысының барлық аймақтарында жаппай көктемгі ағаш егу дәстүрі басталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Көктемнің алғашқы күнінде түркістандықтар Бекзат шағынауданындағы саябақты көшетпен көмкерді.  Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы аясында өткен шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, этнос өкілдері, белсенді жастар мен еріктілер, студенттер, мәдениет пен әлеуметтік саланың өкілдері, қаланы көгалдандыруға жауапты мекеме қызметкерлері қатысты.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жұртшылықпен бірге ағаш көшеттерін егіп, Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының мәні зор екенін айтты. Биыл да жылдағы үрдіспен көгалдандыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

– Баршаңызды Алғыс айту күнімен және қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Өңірімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Гүл көктемнің алғашқы күнін экологиялық акциямен бастап отырмыз. Әр тұрғын өз үйін, ауласын, көшесін таза ұстаза, қоғам да тазарады. Сондықтан аға буын өкілдері де жастарға осы бағытта ақыл-кеңес беріп, қоршаған ортаны бірге қорғауымыз керек. Тұрғындармен кездесуде облыс басшылығына  «Бекзат» секторында саябақ салынса деген өтініш айтылған. Сол саябақты жайқалту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» акциясына баршамыз үлес қосайық, – деген Нұралхан Көшеров ел ағалары мен ардақты әжелерінің, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Экологиялық акция барысында Түркістан топырағына төзімді көшеттер егіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Тұрғындар көтеріңкі көңіл-күйде атсалысып, игі іске үлес қосты. Жалпы, 1 наурыздағы көгалдандыру және тазалық акциясында  Түркістан қаласында 1500-ден астам адам қатысып, 5 мыңнан аса көшет егілді. Олардың басым бөлігі – терек, қарағаш және үйеңкі.  Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының өту барысын бағалау және өңірдің энергетикалық кешенін...