Қазақстан СІМ-де Қасиетті Тақпен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де Қасиетті Тақпен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Астана, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы Апостолдық нунций Джордж Панамтундилді қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесудің басында Р.Василенко мемлекет басшылығының Рим Папасы Францисктің тез сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, соның ішінде тарих, мәдениет, ғылым және медицина салаларындағы өзара ықпалдастықты талқылады. Екі ел арасындағы саяси диалогтың дәйекті түрде нығайып келе жатқаны аталып өтті, сондай-ақ олардың әртүрлі халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылына жоғары баға берілді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтарда Ватиканға жасаған сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығы аталып өтті. Осыған байланысты Апостолдық нунций 2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы жаңа Елшілігінің ашылуын құптады.

Алдағы қыркүйек айында Астанада өтетін Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындыққа ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 17 қазанда орнатылды. Қасиетті Тақтың Қазақстан Республикасындағы Апостол нунциатурасы 2001 жылғы 16 желтоқсанда ашылды. Қазақстан аумағында Рим-католик шіркеуінің 117 діни мекемесі жұмыс істейді, католик дінін ұстанушылардың саны шамамен 120 мың адамды құрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының өту барысын бағалау және өңірдің энергетикалық кешенін...