Түркістан облысындағы тұқымбақтарда 30 млн-ға жуық көшет өсірілген

Түркістан облысындағы тұқымбақтарда 30 млн-ға жуық көшет өсірілген

Түркістан облысында 2025 жылғы жоспарға сәйкес, елді мекендерге 1 миллионнан астам көшет үлестіру көзделген. Бүгінгі таңда 206 375 түп көшет аудан-қала әкімдіктеріне жөнелтілген. Бұл жайында Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуалиев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Облыстағы елді мекендерді көгалдандыруға 2022 жылы – 251 685 түп, 2023 жылы – 1 088 944 түп, 2024 жылы – 997 329 түп әртүрлі көшеттер аудан-қалаларға жөнелтілген. Өңірде 3 млн 472 мың гектарды құрайтын мемлекеттік орман қоры бар. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында республика көлімінде 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2027 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жұмыстары бойынша арнайы кешенді жоспар бекітілген. Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2024 жылдары аралығында 79 мың гектар жерге 117 млн түп көшет егілді. Ал, 2025-2027 жылдары аралығында қалған 31 мың гектар жерге, 53 млн түп көшет егу жұмыстары толығымен жүргізілетін болады. 2024 жылы орман шаруашылығы мекемелерінде жалпы көлемі 343 гектарды құрайтын 24 орман тұқымбағында 30 миллионға жуық көшет өсіріліп, 10 млн астам көшет егілді», - деді басқарма басшысы.

Одан бөлек, басқарма басшысы облыстағы балық шаруашылығына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінде облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетіп, оның 160-ы облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған. Бағдарламаға сәйкес, 2024 жылға 7000 тонна балық өсіру межесі қойылып, жоспар 7509 тоннаға орындалған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға қатысты бірқатар заңнамалық...