Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы туралы баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құрағаны жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған. Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...