15.03.2025 жылы Орталық ПБ ювеналды полиция қызметкерлері Қазыбек би атындағы аудан прокурорларымен және "Аманат" партиясының өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болмауларына профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жасөспірімдердің болу фактілерін анықтау болды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Рейд барысында кешкі және түнгі уақытта жұмыс істейтін кафелер, барлар, ойын клубтары және басқа да ойын-сауық мекемелері тексерілді. Кәмелетке толмағандар жиналатын орынға айналуы мүмкін мекемелерге ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері мекемелердің иелері мен әкімшілеріне заңнама нормаларын түсіндіре отырып, жасөспірімдерді түнде жібергені үшін жауапкершіліктерін еске салды.
Прокуратура өкілдері мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, рейдке қатысушылар жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналармен және педагогтармен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай рейдтер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жұмыс шеңберінде ұдайы жүргізілетін болады. Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларына мұқият болуға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.
Қарағандыда профилактикалық рейд жүргізілді
