2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Заң талаптарына сәйкес, тіркелмеген мопедтерді басқару және жүргізуші куәлігінсіз мопедті пайдалану тыйым салынады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған күннен бастап мопед иелері келесі талаптарды орындауы тиіс:
- көлік құралын полицияда тіркеуден өткізу;
- A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігін алу;
- техникалық тексеруден өту;
- азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды рәсімдеу.
5 сәуірге дейін қажетті құжаттарды рәсімдемеген жүргізушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612 және 590 (2-тармақ) баптары бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жаңа шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтерді пайдалану кезінде орын алатын құқық бұзушылықтар санын азайтуға, кәмілетке толмағандар арасында орын алатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерін аталған өзгерістерден халықты хабардар етуге атсалысуға шақырды.
Жаңа ережелерді сақтау барлық жол қозғалысы қатысушылары үшін жолдарды қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.
Толығырақ: