Борышкерлер себебін көрсетпей, соттан тыс банкроттық рәсімін өз қалауы бойынша тоқтата алады

Борышкерлер себебін көрсетпей, соттан тыс банкроттық рәсімін өз қалауы бойынша тоқтата алады

Елде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолдану көрсеткіші өсіп жатыр. 2023 жылы бұл процедураны 1 азамат, өткен жылы – 13, ал ағымдағы жылдың үш айында 17 адам қолданды. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, қазақстандықтар осы рәсімдерді қолдану құқығын белсенді пайдаланады. Мәселен, «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның аясында 120 млрд теңге сомасына міндеттемелерін орындамаған 22 600 азамат банкрот деп танылды, 7 азамат жоспар шеңберінде жаңа кесте бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды...