Қазіргі таңда қала аумағында түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзу фактілері жиілеп тұр. Бұл әсіресе тойханалар мен мейрамханалар, елді-мекендер мен шағын аудандарда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланумен байланысты болып жатады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес тәртіптік жауаптылық қарастырылғанын естеріңізге саламыз.
Атап айтсақ:
Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекет – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Осы тұста бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қала тұрғындарын қоғамдық тыныштықты сақтауға, қаламыздың қолайлы болуына атсалысуға, өзгелерге құрметпен қарауға және адамгершілік ар-ұяттан аттамауға шақырды.
Толығырақ: