Астанада «Jastar Energy» жастар концерті өтті

Астанада «Jastar Energy» жастар концерті өтті

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында «Қазақ елі» монументі алаңында ашық аспан астында «Jastar Energy» атты жастар концерті өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Шараның басты мақсаты – жастар шығармашылығын қолдау, заманауи өнерді дәріптеу және мәдени белсенділікті арттыру. Концерт барысында көрермендерге танымал орындаушылар мен жас таланттардың қатысуымен әсерлі музыкалық қойылымдар ұсынылды.
Сахна төрінде Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов, Артур, Ерлан Қанатұлы, Madistation, Jazzdauren, Сейфуллин Жолбарыс, Айгүл Иманбаева, Ғаділбек Жанай, «Дос», Досымжан Таңатаров, Нұрлан мен Мұрат сынды өнер иелері бар.

«Jastar Energy» – бұл жай ғана концерт емес, елордалық жастардың шығармашылық әлеуетін танытатын, жаңа идеялар мен мүмкіндіктер тоғысқан ерекше мәдени алаң. Заманауи форматта ұйымдастырылған бұл шара қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформациялануда. Осы жұмыстың негізгі құралдарының бірі - ҚР...