Роман Скляр Қытай Халық Республикасының Гуандун провинциясына жұмыс сапарымен барды

Роман Скляр Қытай Халық Республикасының Гуандун провинциясына жұмыс сапарымен барды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дың  Гуандун провинциясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Сапардың басты іс-шарасы ретінде Гуандун провинциясы партия комитетінің хатшысы Хуан Куньминмен және Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесулер өтті.

Оның барысында Гуандун провинциясы және Шэньчжэнь қаласымен өнеркәсіп, инвестициялар, «жасыл» үлгідегі жер қойнауын пайдалану, ғылыми-технологиялық инновациялар саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.

Хуан Куньминмен әңгімелесу кезінде Роман Скляр Гуандун провинциясы Қытай аймақтары арасында өнеркәсіптік және инновациялық салаларда мойындалған көшбасшы экономикаға ие екенін атап өтті.

Экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ индустриялық даму және экономиканы цифрландыру саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында металлургия, жоғары технологиялар және машина құрастыру саласындағы қытайлық көшбасшы компаниялармен бірқатар кездесулер өтті.

Автомобиль құрастыру, көмір өндіру және тұрмыстық электроника өндірісі саласында Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қазақстан үшін маңызды басымдық – өнеркәсіпті дамыту екенін атап өтіп, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестік орнатуға шақырды.

Өз кезегінде Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға сенімді серіктес ретінде қызығушылық танытты.

Роман Скляр, сонымен қатар, Гонконг пен Макаоның арнаулы әкімшілік аудандары, Гуанчжоу, Дунгуан және Шэньчжэнь қалалары кіретін «Үлкен шығанақ» агломерациясындағы экономикалық ынтымақтастық аймақтар мен инновациялық орталықтармен танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды ...

Өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция...