"Жас сарбаз" шығармашылық ұжымы Ташкентте өткен халықаралық байқауда Бас жүлдені жеңіп алды

"Жас сарбаз" шығармашылық ұжымы Ташкентте өткен халықаралық байқауда Бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері Өзбекстан астанасында өткен "I Love Tu danse" халықаралық байқауында еліміздің абыройын асырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Сапар, әсіресе жас әртістер үшін сәтті болды. Өнерлі ұжым бас жүлде — Гран-при, сондай-ақ 7-13 жас аралығындағы "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

— Бұл біздің ұжымның халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Балалар Ташкенттегі жарыстан ерекше бір шабыт алды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады, — деп атап өтті студияның көркемдік жетекшісі, 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.

Халықаралық байқауға барлығы 36 шығармашылық ұжым қатысты. "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясы 2022 жылы Қорғаныс министрінің бастамасымен құрылғанын айта кету керек. Қазір 200-ге жуық бала хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра үйірмелеріне қатысады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...