Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Бүгін Түркістан қаласында инфрақұрылымдық және коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа арнайы техникаларды табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында қалаға жеткізілген 21 жаңа техника коммуналдық мекемелерге тапсырылуға дайын. Бұл техникалар – 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде алынған 29 бірлік техниканың алғашқы бөлігі. Қалған 8 техника (оның ішінде газель, манипулятор, автовышка, КамАЗ, 3/1 трактор) жинақталып жатыр.

Тапсыруға дайын техникалар тізімі:

Қоқыс тазалайтын автокөлік – 7 дана

Қар тазалайтын автокөлік – 5 дана

Аяқ жол сыпыратын трактор – 4 дана

Вакуумдық автокөлік – 2 дана

Сарқынды су желісін тазалайтын көлік – 1 дана

Погрузчик – 1 дана

Грэйдер – 1 дана

Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне қарасты мекемелерде 35 техника жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жалдамалы. Жаңа техникалар берілген жағдайда коммуналдық қызмет жұмысы едәуір жеңілдеп, қар күреу, көшелерді суғару, жуу, сыпыру, сондай-ақ сарқынды суды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, жалдамалы техникаларға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік туады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ