Елдос Рамазанов Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының су тасқынына қарсы жұмыстарын тексерді

Елдос Рамазанов Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының су тасқынына қарсы жұмыстарын тексерді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов Целиноград ауданы мен Қосшы қаласындағы елді мекендерге барып, су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында ол Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали және ауыл әкімдерімен бірге Қоянды және Талапкер ауылдарындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты. Қорғаныс құрылыстарын нығайту, оның ішінде арналарды, дамбалар мен су бұру жүйелерін орнату және күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелер қаралды. Барлық іс-шаралар бекітілген Су тасқынына дайындық және апатсыз өткізу жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Елдос Рамазанов Қосшы қаласындағы су басу қаупі жоғары учаскелерді аралады. Тайтобе ауылында жасанды дамба тексеріліп, Қосшы қаласы ТЖ бөлімінің бастығы қорғаныс құрылыстарының қазіргі жағдайы, Самарқан су қоймасынан судың болжамды ағызылуы және кешенді су тасқынына қарсы шаралардың орындалуы туралы баяндады. Қазіргі уақытта су басу қаупі тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосшы қаласының 19 және 20-ықшам аудандарын аралап, қала әкімінің орынбасары Н.А. Садыров жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы шаралар туралы баяндады. Сапар қорытындысы бойынша қар шығару мен еріген қар суларын уақытылы сорғызу жұмыстарын жалғастыру туралы тапсырмалар берілді.

Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...