Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Каир, 2025 жылғы 24 наурыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах әс-Сисиге сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында А. Жеңіс Мысыр басшысымен сұхбаттаса отырып, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар қазақ дипломаты екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі дамуын атап өтті. Осы тұрғыда ол Мысырмен ынтымақтастықтың барлық салалардағы елеулі әлеуетін ескере отырып, серіктестікті одан әрі тереңдетудің оның осы лауазымдағы жұмысының ең маңызды бағыты екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Мысыр Президенті Қазақстан Елшісіне жаңа қызметінде табыс тілей отырып, Каир мен Астана арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...